Google pay
Google Pay – қосымшада және веб-сайтта сатып алуға мүмкіндік беретін онлайн төлем жүйесі. Жүйе пайдаланушыларға интернеттен, сондай-ақ телефондар, планшеттер және Android сағаттарының көмегімен онлайн төлем жасауға мүмкіндік береді.
Tarlan Payments-пен біріктірмес бұрын, Сізге құжаттамамен танысу керек.
Сайттар үшін aқолдау көрсетілетін интеграция типі – Web.
Осы интеграция үшін келесі құжаттармен танысуыңыз қажет:
Google Pay қызметімен жұмыс істеу үшін сізге Google Pay & Wallet консолінде тіркеліп, Google сатушы сәйкестендіргішін алу қажет. Барлық сатушылар Google Pay API рұқсат етілген пайдалану нұсқаулары мен пайдалану шарттарын орындауға міндетті.
Параметрлер үшін:
gateway мәнін көрсету қажет – tarlanpayments;
gatewayMerchantId көрсету қажет - Google сатушысының сәйкестендіргіші;
Аутентификацияның қолдау көрсетілетін әдістері: PAN_ONLY және CRYPTOGRAM_3DS.
Қолдау көрсетілетін төлем жүйелері: Visa және Master Card.
Төлем мекенжайын берудің қажеті жоқ.
Google-дан алынған төлем токенін token өрісіне string форматында беру қажет. Оны Google-ден алған түрінде беру керек. Қалған параметрлер төменде сипатталған.