> For the complete documentation index, see [llms.txt](https://docs.tarlanpayments.kz/llms.txt). Markdown versions of documentation pages are available by appending `.md` to page URLs; this page is available as [Markdown](https://docs.tarlanpayments.kz/az/t-lem-shlyuzi/smart-pay/google-pay.md).

# Google pay

Google Pay – қосымшада және веб-сайтта сатып алуға мүмкіндік беретін онлайн төлем жүйесі. Жүйе пайдаланушыларға интернеттен, сондай-ақ телефондар, планшеттер және Android сағаттарының көмегімен онлайн төлем жасауға мүмкіндік береді.

Tarlan Payments-пен біріктірмес бұрын, Сізге [құжаттамамен ](https://developers.google.com/pay/api)танысу керек.

Сайттар үшін aқолдау көрсетілетін интеграция типі – Web.

Осы интеграция үшін келесі құжаттармен танысуыңыз қажет:

* [Веб-сайттардың Google Pay құжаттамасы](https://developers.google.com/pay/api/web/overview?hl=ru)
* [Веб-сайттарға арналған Google Pay интеграциясының бақылау тізімі](https://developers.google.com/pay/api/web/guides/test-and-deploy/integration-checklist?hl=ru)
* [Веб-сайттарға арналған Google Pay брендингінің нұсқаулары](https://developers.google.com/pay/api/web/guides/brand-guidelines?hl=ru)

Google Pay қызметімен жұмыс істеу үшін сізге [Google Pay & Wallet ](https://pay.google.com/business/console/)консолінде тіркеліп, Google сатушы сәйкестендіргішін алу қажет. Барлық сатушылар Google Pay API рұқсат етілген [пайдалану нұсқаулары ](https://payments.developers.google.com/terms/aup)мен [пайдалану шарттарын](https://payments.developers.google.com/terms/sellertos) орындауға міндетті.

Параметрлер үшін:

gateway мәнін көрсету қажет – tarlanpayments;

gatewayMerchantId көрсету қажет - Google сатушысының сәйкестендіргіші;

Аутентификацияның қолдау көрсетілетін әдістері: PAN\_ONLY және CRYPTOGRAM\_3DS.

Қолдау көрсетілетін төлем жүйелері: Visa және Master Card.

Төлем мекенжайын берудің қажеті жоқ.

Google-дан алынған төлем токенін token өрісіне string форматында беру қажет. Оны Google-ден алған түрінде беру керек. Қалған параметрлер төменде сипатталған.
