3D-Secure

3-D Secure – пайдаланушының екі факторлы аутентификациясы үшін онлайн-кредиттік және дебеттік карталардың қосымша қауіпсіздік деңгейі ретінде пайдаланылатын хаттама.

Мақсаты – ұстаушының түпнұсқалығын тексеру және картаны рұқсатсыз пайдаланудан қорғау.

Бұл қалай жұмыс істейді: картаның иесі картаның деректемелерін көрсетеді, одан әрі эмитенттің сайты ашылады, онда ұстаушыға құпиясөзді немесе құпия кодты енгізу ұсынылады.

Көп жағдайда код СМС-хабарламада жіберіледі. Егер код дұрыс көрсетілсе, төлем жүргізіледі. Егер жоқ болса, қабылданбайды.

Last updated