Tarlanpayments
Search
K

Операциялардың түрлері

Қабылдау (pay in) – Банк карталарын пайдалана отырып, Интернет арқылы жасалған тауарлар/қызметтерге ақы төлеу операциясы. Төлем кезінде ақша қаражаты төлем картасын ұстаушының шотынан Серіктестің пайдасына аударылады.
Шығару (pay out) – Шығару кезінде ақша қаражаты Серіктестің шотынан Серіктес клиентінің карточкалық шотына аударылады
Қайтару (refund) – Ақша қаражатын қайтару. Ақша қаражатын табысты қабылдағаннан кейін ғана қолжетімді.

Екі сатылы төлем (pay in) – Қосымша растауды талап ететін банк карталарын пайдалана отырып, Интернет арқылы жасалған тауарларға/қызметтерге ақы төлеу жөніндегі операция. Екі сатылы жұмыс тетігі банк картасының төлем қабілеттілігін тексеру (авторландыру) және ақша алу (қаржылық растау) процесін бөлуге мүмкіндік береді. Екі сатылы төлемнің бірінші сатысында картаны ұстаушының шотындағы қаражатты бұғаттау, ал екінші сатыда есептен шығару жүргізіледі
  • Есептен шығару – Ақша қаражатын авторландырылғаннан кейін екі сатылы төлем кезінде ғана қолжетімді операция. Бұғатталған соманы толық және ішінара есептен шығаруға болады.
  • Жою – Ақша қаражатын авторландырылғаннан кейін екі сатылы төлем кезінде ғана қолжетімді операция. Бұғатталған соманы толық және ішінара есептен шығаруға болады.

Картаны байластыру (card link) – Ақша қаражатын банк картасынан тiркелген есептен шығару (pay in) және одан әрi ақша қаражатын картаға қайтару (refund) кезiндегi операция.
Акцептсіз қабылдау (one click pay in) – Карточкалық деректерді енгізбей және 3DS аутентификациясыз төлем жүйесінде сақталған картаны пайдалана отырып ақша қаражатын қабылдау операциясы
Акцептсіз шығару (one click pay out) – Карточкалық деректерді енгізбей төлем жүйесінде сақталған картаны пайдалана отырып, ақша қаражатын шығару операциясы.
Last modified 2mo ago